Физикадан 45-ші Халықаралық олимпиаданың өтетін орны: Назарбаев Университеті
Қатысушылар
Барлық оқушылар Назарбаев Университеті жатақханасына орналастырылады. Теориялық және эксперименттік кезеңдер Назарбаев Университетінде өтеді. Университет туралы жалпы мағлұматты мына сілтемеден оқысаңыз болады: www.nu.edu.kz
Жетекшілер және қонақтар
Барлық команда жетекшілері және қонақтар «Парк Инн Рэдиссон Астана» қонақүйіне орналастырылады. Ұйымдастыру комитетімен жетекшілер отырыстары, тапсырмаларды аудару және тағы басқа жиналыстар қонақүй конферен-залдарында өткізіледі.
Қонақүй жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз http://www.parkinn.com/hotel-astana