Жергілікті дәстүрлер

«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтқа, елдікке сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

 
Той малы 
Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген «той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. 

Күйеуаяқ 
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді. 

Түйемұрындық 
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
 
Қыз қашар 
«Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. 
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді. 

Құйрық бауыр 
«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. 
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды.
Құда, құда дейсің ау, әй, 
Құйрық бауыр жейсің ау, әй, 
Құйрық бауыр жемесең, 
Несіне құда дейсің ау, әй. 

Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.

Күйеу киімі 
Күйеу киімі (салт). «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты. 

Қынаменде 
«Қынаменде» (дәстүр). «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?» (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы. 
Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман бөркін қырын келді» (Н.Ахметбеков). 
Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді. 
Әрине «ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты. 
«Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады. 
Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері) қазақ әдет ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді. 
Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз көтерер, арқа жатар қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар, күйеу аттандырар, т.б.
Астана Павлодар

Астана - новое имя новой столицы Казахстана. Прежнее же название города - Акмола (ранее Акмолинск).

Есть несколько версий происхождения этого названия. Первая гласит, что город Акмола был назван в честь холма из известняка белого цвета. Вторая версия принадлежит византийскому автору Прокопиусу. Он писал в своих трудах, что гунны называли «мола» высокий холм или крепость. И третий вариант: Акмола всегда была главным центром ярмарок рогатого скота, известной изобилием и разнообразием мясомолочных продуктов (кумыс, айран, курт, шубат и т.д.). Следовательно, название города переводится как «белое святое место» или «белое изобилие».

В Казахской Советской энциклопедии написано, что «Акмола – это сооружение из белого камня, над четырехугольными стенами которого воздвигнут купол, напоминающий верхнюю часть юрты или половинку шара. Сверкающий на солнце купол был виден издалека, что и придавало особую красоту берегам реки Есиль». Поэтому название Акмола и стало названием этого края.

Cтепи Акмолы издревле были местом, где встречались различные культуры и цивилизации. В середине первого тысячелетия до н.э историк Геродот упоминал маршрут через Большую Степь (позже Великий Шелковый Путь), который пролегал именно здесь. Караванные пути способствовали расцвету торговли и кустарного промысла в городах, традиционно занятых животноводством и сельским хозяйством.

Жаңалықтар
06
The closing ceremony of the 45th International Physics Olympiad, Astana, Kazakhstan
06
The opening ceremony of the 45th International Physics Olympiad, Astana, Kazakhstan
Шілде
21
IPHO-2014: ҚАЗАҚСТАН - МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ОНДЫҚТА
20
IPHO2014 күнделігі
20
8-ші күн / Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі
20
7-ші күн / Спартакиада: IPhO Footbal Cup
19
IPHO-дағы тапсырмалар қиын болды - Сараево университетінің профессоры / Садык Акижанов, Қа...
19
ОАР-лық IРHO қатысушысы: Астана Қазақстанның табысты дамуын паш етеді / Марлан Жиембай, Қа...
19
Excursion at Nazarbayev University
18
6-шы күн / IРhO қатысушылары Бурабай курортына барды
18
Этномәдени бағдарлама
17
Astana is a fantastic city - IPhO President
17
5-ші күн / Олимпиаданың тәжірибелік туры
17
LEONID MARKOVICH, HEAD OF THE DELEGATION OF THE REPUBLIC OF BELARUS: ASTANA IS A YOUNG AND...
16
Астанада IРhO өте жоғары деңгейде өтуде - АҚШ командасының көшбасшысы / Марлан Жиембай, Қа...
16
ҚХР-дан келген делегат: Астанада өтіп жатқан олимпиада физика әлеміндегі жылдың басты оқиғ...
16
Қазақстан Халықаралық физика олимпиадасында үздiк 20 елдiң қатарына енудi жоспарлауда - А....
16
Қазақстандық оқушылардың қабілетіне таңданамын - Физикадан халықаралық олимпиада президент...
16
4-ші күн
15
Үшінші күн / Олимпиаданың теориялық туры
15
2-ші күн / Олимпиаданың салтанатты ашылуы
15
1-ші күн / Қатысушылардың келуі
Қаңтар
14
.